Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Февраль 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
 













07.02.2018

 

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасымен бірлесіп 2018 жылдың 7 ақпанында Ақкөл ауданының мұрағатынан алынған көне картадан табылған мәліметтерді сарапқа салды.

         Ол кеңеске Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жақыпова Марал Қажыкенқызы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің өңірлік ғылыми зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбуев Қадыржан Қабиденұлы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы, Абай Мызахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар және тарих кафедрасының меңгерушісі Қапышев Ардақ Қайыржанұлы, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, зейнеткер Жанәділов Болат Сүлейменұлы, Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы, ономастикалық жұмыс және көрнекі ақпаратты бақылау бөлімінің басшысы Талпақова Айгүл Дүзелбайқызы және Ақмола облысы тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Үкеев Жасұлан Кәрімұлы қатысты.

         Жұмыс барысында Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының басшысы Марзият Юсуповна «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Қажыкенқызы Ақмола облысы аумағындағы елді мекендердің тарихи атауларын жаңғырту мақсатында көне карталармен қатар, кітаптарда жазылған бірқатар құнды материалдарды да зерделеу қажет екенін және мұндай жұмыстарды алдағы уақытта да өткізіліп тұратынын атап өтті. Кеңеске қатысқан ғалымдар да өз пікірлерін білдірді.

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT