Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Февраль 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
 













19.01.2018

  «Тіл жанашыры» төсбелгісі өз иесін тапты 

 

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайында Атбасар ауданының құрметті азаматы, тіл жанашыры, жерлесіміз  Тайшытаев Аждар Тайшытайұлы «Тіл жанашыры» төсбелгісімен салтанатты түрде марапатталды.  

Бұл жоғары мемлекеттік награда мемлекеттік тілді дамыту мен дәріптеуге айтарлықтай үлес қосқан қазақстандық және шетелдік азаматтарға табысталады. 

Осы марапат 2007 жылы «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігімен бекітіліп, тек алтыншы рет ұсынылып отыр. Бүгінгі күні аталмыш марапатты 100-ден аса адам иеленді. Олардың ішінде қазақ тілін зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдар, жазушылар, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік тілді және қазақ мәдениетін дамытуға тұрақты көмек көрсететін демеушілер бар. Негізінде, бұл марапат БАҚ, әдебиет және өнер саласында, Қазақстанда және шетелде қазақ тілін білу деңгейін арттыру үшін білім беру және мәдени-ағартушылық бағдарламаларын әзірлейтін және жүзеге асыратын, сондай-ақ тіл тану, тарих және этнографияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін, бастапқы қазақ тілін насихаттайтын тұлғаларға беріледі. Номинанттарды іріктеу жұмыстарын   көрнекті қоғам қайраткерлерінен, ғалымдар мен демеушілерден тұратын    арнайы республикалық комиссиясы жүзеге асырды. Биылғы жылы 38 адам «Тіл жанашыры» лауреаты атағын иеленді. Олар мемлекетіміздің барлық өңірлерінен. Ақмола облысының төрт үміткері ішінен лауреат атағын иеленген Тайшытаев Аждар Тайшытайұлы.

«Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы - Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің басшысы Қасымбеков Махмұд Базарқұлұлы құттықтап, марапаттады.  

Аждар Тайшытайұлы өзінің көпжылдық еңбегі, белсенді азаматтық және патриотизм сезімінің арқасында, Атбасар ауданының тіл саясаты мен ономастика мәселесіне, Атбасар ауданының елді мекендерінің атауларын және атауын өзгертуге қосқан елеулі үлесі үшін осы мараптқа ие болды. 

Құрметті Аждар Тайшытайұлы, Сіздің туған-туысқандарыңыз, жерлестеріңіз, әріптестеріңіз, қазақ тілі мен мәдениетінің болашағына бей-жай қарамайтын барлық азаматтар Сізді мақтан тұтады. Бүгінгі иеленген   осы құрметті марапат жүздеген жаңа ізбасарларыңыз бен Отанымыздың шынайы патриоттары үшін үлгі бола алады. Сіз сияқты азаматтардың арқасында тіліміздің ғұмыры ұзақ болып, гүлдене береді.   

 

«Атбасар ауданының мәдениет

және тілдерді дамыту бөлімі»

ММ бас маманы Әділхан Серікпаев

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT