Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Январь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 













26.12.2017

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын!

Мұхтар ӘУЕЗОВ:

Тобықты ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген, сирек, сый қонақ. Өзі ақын, өзі әнші, өзі сері Біржан. Құйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр етпей ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де, жүзіне бір жылтыр майда рең бітіп, нұрлана құбылады.
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Жұртыма зияным жоқ жүрген жанмын.
Кісіге өзім қатар бас ұрмаймын,
Өзім ақын, өзім сал кімге зармын...-
деп бір кетеді.
Әншінің «Біржан сал» атты осы бір әні өзінің майда қоңыр, сырлы қоңыр сазымен бастала жөнелгенде, өзге көп жұрт ішінде демін тартып, қатып тыңдаған кісінің бірі - Абай.
Абайдың тал бойы ұйып қалғандай, осы халін елден бұрын сезген Әйгерім, қасында отырып, күйеуінің тізесіне сүйеген боп, шынтағымен Абайды сәл түрте қозғап қалып, ақырын ғана күліп оятты.
Күлген демі де дірілдеп шығады. Бұның өзін жақсы бағып, жақсы ұғып отырғаны үшін, сезімтал Әйгерімге сүйсіне қарап қалды да, енді Біржанға бұрылды:
- Өзге өзгеңді не қылайын, Біржанға аға, -деп бастап, қонағына жаңа бір қуаныш жүзімен қарады. - Ел ақтаған бір ақын болушы еді. Тілін безеп, жанын жалдап, тіленшілікпен байды сауып, сөз қадірін сол кетіруші еді. Үн түзеген бір әнші болушы еді. Кім көрінгеннің қосшысы. Әркез, әр мырзаның қосалқысы. Ән қадірін түсіріп, бір атым насыбайдай, арзан етіп еді. Сен әнді босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам. Осының-ақ қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр!..-деді.
-Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!- деді. Әйгерім де, өзге жиын да екеуін дәл ұғынғандай, түгел қостап күлісті.
Жаз бойы Біржанды тыңдап, ән қадірін, әннің қасиетін азамат өнерінің бар зор биігі деп бағалаған Абай, күйден толқынған көңілінен естілмеген бір сыр жырын шығарған еді:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй!..-
деп басталған өлеңін, Біржанға осы мәжілісте оқып берді. Біржан Абайды өз ішінен ойшыл, кемел жас көретін. Мынау өлең оның саналы ақын өнерін де шын өзгеше етіп танытты.
-Абайжан, менің әнім саған жақсы қозғау салды деуші ең. Сен болсаң, әндегі біздің өзіміз байқамай, елемей жүрген түкпірді ашасың. Ендігі өміріме борыш арттың ғой!-деді.
-Ендеше, мүддеміз бір жерден шыққан екен, Біржан аға!

(«Абай жолы» эпопеясынан.)

Арқа ажары 26.12.2017ж. 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT