Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Декабрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31













27.10.2017

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 - 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту мақсатында 2017 жылдың 27 қазаны Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында «Тілдарын» атты облыстық олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға аудан, Көкшетау қаласы мен физико-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінен келген жалпы саны 13 қатысушы қатысты.
Олимпиаданың өткізілу мақсаты: Үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру.
Олимпиаданың тәртібі: Олимпиадаға 18 бен 22 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Олимпиада үш кезеңде өтеді: бірінші кезең - аудандық байқау; екінші кезең - облыстық байқау; үшінші кезең - республикалық байқау.
Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:
1. Берілген тақырыптың мазмұнын толық ашу.
2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу.
3. Мәтінге ілеспе аударма жасау.
Олимпиаданың шарттары: Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтуі тиіс: бірінші кезең - қазақ тілін білу; екінші кезең - ағылшын тілін білу; үшінші кезең - орыс тілін білу.
Олимпиаданың міндетті шарты - алдыңғы деңгейден (кезеңнен) өткен қатысушы ғана келесі деңгейге қатыса алады.
Олимпиада да бірінші орынды Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университетінің 4 курс студенті Сейдахмет Нұргүл Айбарқызы иеленді, екінші орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Сахиева Айгүл Аханқызы иеленді, ал үшінші орынды Целиноград ауданынан келген Алпысбай Жанар Арғынқызы иеленді, қалған қатысушылар ынталандыру және кәдесыйлықтарды алды. Бірінші орынды иеленген қатысушы осы байқаудың Республикалық кезеңіне жолдама алды. Барлық қатысушыларға тиісті дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді.

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT