Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Декабрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31













20.10.2017

«Алаш мұраты - Тәуелсіз Қазақ Елі» атты облыстық ақындар мүшәйрасының
ЕРЕЖЕСІ

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш мұраты - Тәуелсіз Қазақ Елі» атты облыстық ақындар мүшәйрасын жариялайды.
І. Іс-шара мақсаты:
Мүшәйра «Ақмола облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын», Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламалы мақаласын орындау, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі келбеті мен мемлекеттігіміздің негізі болып табылатын алғашқы заманауи саяси Алаш партиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің арыстарына тарихи баға беру; жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын Тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік ел» ұлттық идеясынан туындайтын Қазақ тарихындағы қалдырған ізі зор қайраткер тұлғалардың ерен еңбектерін жырлау; рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтау.
ІІ. Іс-шара міндеті:
Ақмола облысындағы қабілетті, талабы және таланты бар ақындарды мүшәйраға қатыстыра отырып, олардың арасынан ең шебер поэзия зергерлерін анықтау.
ІІІ. Іс-шара шарттары:
Мүшәйра 2 номинация бойынша өткізіледі:
1. Қазақ тілді ақындар арасында (1, 2, 3 орындар және 3 ынталандыру сыйлығы).
2. Орыс тілді ақындар арасында (1, 2, 3 орындар және 3 ынталандыру сыйлығы).
Мүшәйраға 16 жастан жоғары ақындар қатыса алады. Мүшәйраға әрбір қатысушы бұрын еш жерде жарияланбаған Тәуелсіздікке арнайы бір өлеңін тапсыруы тиіс, шығарма көлеміне шек қойылмайды.
Іс-шараға қатысу үшін үміткерлер мынадай мәлімет тапсыруы қажет:
1.Сайысқа ұсынылатын шығарманың электрондық нұсқасы.
2. Жеке куәлігінің көшірмесі (эл.нұсқасы)
3. Өзі туралы шағын мәлімет (бүркеншек есімі, жұмыс / оқу орны, лауазымы) 4. Тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары.
Жоғарыда көрсетілген барлық мәлімет tilbaskarma@mail.ru электрондық мекенжайына 2017 жылдың 20 қарашаға дейін жолдануы тиіс. Бүркеншік аты жоқ, уақытынан кеш тапсырылған және тақырыптан ауытқып кеткен материалдар сайысқа қатыстырылмайды.
Жыр мүшәйрасына ұсынылған туындылар қазылар алқасының сараптауына салынып, іріктеуден өткен шығарма авторлары 2017 жылғы 29 қарашада өтетін мүшәйраның ақтық кезеңіне арнайы шақырылады. Сайыс жеңімпаздарына тиісті дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Мекенжайымыз: Көкшетау қ-сы, Сәтбаев к-сі, №1«Б», 3-қабат, 330-каб. Анықтама телефондары: 40-14-20, 25-81-09.

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT