Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Сентябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













02.06.2017

           Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында 2017 жылдың 2 маусымында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талантты жастарды табу.

Конкурс мынадай тапсырмалардан тұрады:

1) қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу;

2) қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу.

Конкурс шарттары:

1) мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;

2) фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;

3) үміткерлер мәтіндерді жатқа оқулары шарт.

Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

1) көркем мәтінді оқу шеберлігі;

2) дұрыс дыбыстауы;       

3) көркем мәтінді таңдау талғамы;

4) сахналық образ және оқу шеберлігі.

Қазылар алқасының ұйғарымы бойынша  аудан-қаладан келген 13 қатысушы арасынан бірінші орынды Ерейментау ауданынан келген үміткер Гүлзат Русланқызы Қайыргелді, екінші орынды Көкшетау қаласының өкілі Хусман Ақерке, үшінші орынды Абильдина Ляззат Галикановна иеленді, бұған қоса үш ынталандыру сыйлығының иегерлері белгіленіп, қалған қатысушыларға кәде сыйлар табыс етілді. Бірінші орынды иеленген қатысушы осы байқаудың Республикалық кезеңіне жолдама алды. Барлық қатысушыларға тиісті дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді. 

 

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT