Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Сентябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













19.05.2017

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы 2017 жылғы 19 мамырда қазақ тілінде оқитын жастар арасында «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің облыстық байқауын өткізді. Байқауға 10 аудан мен Көкшетау және Степногорск қалаларының  18 пен 22 жас аралығындағы қазақ жастары қатысты.

Байқаудың мақсаты: Қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін таныту және оны оқуға ынталандыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, риторикалық дағдыларды, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру.

Байқау үш кезең бойынша  өтті.

Бірінші кезең: жаңылтпаштарды өте шапшаң, әрі анық айту.

Екінші кезең - жазбаша және ауызша бөліктен тұрды.

Жазбаша бөлігі: орыс тілінде эссе жазу керек (тақырыптар  билет  арқылы ұсынылады).

Ауызша бөлігі: билет түріндегі тапсырмаға сәйкес диалог құрау.

Үшінші кезең - «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: орыс халық әндерін немесе заманауи әндерді орындау немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы көркем шығарма үзіндісінен қойылым (пьеса, ертегі, т.б.), орындау.

Қазылар алқасынның мүшелері:

1. Қасенов Сапар Неғметұлы - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті орыс тілі кафедрасының доценті, аға оқытушы, қазылар алқасының төрағасы;  

2. Құрманғожина Гүлмайра Жанатқызы  -  Көкшетау қаласындағы №18 орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі, қазылар алқасының мүшесі;

3. Рүстемова Айгүл Қарабайқызы - Көкшетау қаласындағы №19 орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі, қазылар алқасының мүшесі.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орын Зеренді ауданы «Аграрлық бизнес» коллеждінің студенті Сайлауова Жазираға,  2-орын Ақкөл ауданы балалар шығармашылық үйінің маманы Жетпісова Данагүлге, 3-орын Жақсы ауданы №1 орта мектебінің оқушысы Тілеуова Әселге беріліп, жеңімпаздарға Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының  дипломдары мен бағалы сыйлықтары, қалған қатысушыларға алғыс хат пен тиісті ынталандыру, кәде сыйлықтары  табыс етілді.  

 

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT