Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Декабрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31













26.04.2017

2017 жылдың 26 сәуірінде Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының «Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы» КММ қызметкерлері жұмыс жоспарына сәйкес Бұланды ауданының Тілдерді оқыту орталығында «Ересектерді оқыту барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану тәсілдері» атты семинарына қатысты. Сондай-ақ, аталмыш семинарға Ақкөл,  Астрахан, Аршалы, Бурабай, Еңбекшілдер, Есіл, Шортанды, Зеренді, Жарқайың, Целиноград, Қорғалжын  аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалалары тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, әдіскерлері мен оқытушылары  қатысты.  Семинарда «ЭКСПО - 2017» атты тақырыппен көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған жұмыстарды  «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ағылшын тілі оқытушысы Анкинова Қарлығаш Әшімқызы және орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографы Қуанышева Замзагүл Капсатқызы таныстырды.

 Аталмыш семинардың пленарлық бөлімінде  облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қ.Б.Төлекеевтің «Оқыту орталықтарының кешегісі, бүгіні, ертеңі», Бұланды ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры М.Б.Оспановтың «Бұланды ауданындағы мемлекеттік тілдің ахуалы»,  атты баяндамалар  оқылса,  ал практикалық бөлімінде тәжірибе алмасу мақсатында Зеренді ауданының орталық директоры Д.О.Орлованың «Мемлекеттік тілді үйретудегі теория мен практиканың өзара байланысы» дәріс сабағы, Ақмола облыстық оқыту - әдістемелік орталығының оқытушысы Е.Мұқановтың «Уақытты жоспарлау» дамыта оқыту сабағы, Степногорск қалалық оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Н.А. Блялованың «Салауатты өмір салты» атты панорамалық сабағы  өткізілді. Семинардың  қорытынды бөлігінде Орталық директоры Қ.Б.Төлекеев және  директордың орынбасары Қ.Қ.Қажиахметов семинарға қатысушылармен пікір алмасып, семинардың жұмысын қорытындылады. Бұндай семинарлар оқытушылардың біліктілігін  арттыруға  зор  үлесін  қосады.

 

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT