Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Ноябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













Ақмола облысы әкімдігінің 
2016 жылғы 25 тамыздағы
№ А-10/417 қаулысымен
бекітілді 
                                      

«Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1.    Жалпы ережелер

    1. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі тілдерді дамыту мен қолдану саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    4. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    5. Егер «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқы бар.
     6. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекеме  басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    7. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, 020000, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1Б.
    9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
    10. Осы Ереже «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    11.  «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
    12. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
    Егер «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
   

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

          13. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мемлекеттік және басқа тілдердің қарқынды дамуына бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, толеранттық тілдік ортаны құру.
14. Міндеттері:
1) мемлекеттік тілдің функцияларын кеңейту, оның мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз етуді;
2) қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілді қолдану үшін жағдай туғызуға ықпал жасауды;
3) мемлекеттік тілді меңгеруге қажетті жағдай туғызуға ықпал жасау және оны оқыту курстарын ұйымдастыруды;
4) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда орыс  тілінің ресми тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз етуді;
5) этникалық қауымдастықтар өкілдерінің ана тілін үйренуіне және дамуына қолдау көрсетуді іске асырады;
6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;
7) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыруға ықпал жасау;
8) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтауға ықпал жасау.
15. Функциялары:
1) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
2) Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
          3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасайды, тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
              4) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
          5)    облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;
    6) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында,  Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
          16. Құқықтары мен міндеттері:
          1) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнама нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
          2) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнама талаптарының бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
          3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды тиісті органдарға енгізу;
          4) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнаманың орындалуын бақылау нәтижелері бойынша мәселені жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының төрағалық етуімен мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысшы тобының қарауына енгізу;
          5) меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдар басшыларынан және тағы басқа органдар мен заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде ақпарат, құжаттарды сұрату;
          6) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

    17. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.
    18. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысын облыс әкімінің өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    19. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшының өкілеттігі:
«Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің және мамандарының  міндеттерін және өкілеттіліктерін айқындайды; 
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;  
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік ұйымдарда ұсынады; 
«Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды; 
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану туралы мәселелерді шешеді; 
«Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; 
 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шара қолданады және оған тікелей жауапты болады.
    «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
    20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
       
4. Мемлекеттік органның мүлкі

    21. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
    «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
    22. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
    23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    24. «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
    25.  «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
    1) «Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының «Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT