Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Ноябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













 

Қазақстан Республикасы

                      Президентінің

      2011 жылғы 29 маусым № 110

 Жарлығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасында 

тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы

 Мазмұны

 Бағдарлама паспорты

Кіріспе

Қазіргі ахуалды талдау

Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Бағдарламада алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі бағыттары, жолдары мен тиісті шаралары

1. Мемлекеттік тілді меңгеру

1.1 Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау

1.2 Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту

1.3 Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру

2. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және танымалдылығын арттыру

2.1 Мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру

2.2 Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру

3. Қазақстандықтардың тілдік мәдениетінің деңгейін арттыру

3.1 Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру мен жүйелеу  

3.2 Тіл мәдениетін жетілдіру

4. Лингвистикалық капиталды дамыту  үшін қолайлы жағдайлар жасау

4.1 Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қолданысын сақтау

4.2 Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау

4.3 Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену

Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Қажетті ресурстар

 БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ 

Бағдарламаның атауы

Тілдерді дамыту мен қолданудың                                 2011-2020  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

 

Әзірлеу үшін негіздеме

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына,                1997 жылғы 11 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,             2010 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» №957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті                           Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына, Ел бірлігі доктринасына сәйкес әзірленді.

Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі

 

Бағдарламаның басты мақсаты

Қазақстанда тұратын барлық этностар тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметі мен қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді  тілдік саясат

 

 

Міндеттері

Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау;

мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;

мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;

мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру;

мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;

қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру мен жүйелеу;

тіл мәдениетін жетілдіру;

коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қолданысын сақтау;

Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;

ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.

Іске асыру мерзімі

2011 - 2020 жылдар

бірінші кезең: 2011-2013 жылдар

екінші кезең: 2014-2016 жылдар

үшінші кезең: 2017-2020 жылдар

 

Мақсатты индикаторлар

Арттыру:

мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (Қазтест тапсырудың нәтижесі бойынша 2014 жылы - 71%, 2017 жылы - 80%, 2020 жылы -   95 %);

мемлекеттік тілді В-2 деңгейде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2017 жылы - 70%, 2020 жылы - 100%);

бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілді контенттің үлесі (жыл сайын - 50% кем емес);

мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарналар саны (2010 жылы - 3,                  2017 жылы - 4, 2020 жылы - 5);

ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылауда қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы бойынша тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі (2014 жылы - 60%, 2017 жылы - 75%, 2020 жылы - 90%);

қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылы - 20%,                 2017 жылы - 60%, 2020 жылы - 100%);

республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2020 жылы - 90%);

ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы курстарда ана тілдерін оқу жөніндегі курстарда қамтылған этностардың үлесі (2014 жылы - 60%, 2017 жылы - 80%,               2020 жылы - 90%);

республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылы - 10%,  2017 жылы - 15%, 2020 жылы - 20%);

үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі (2020 жылы - 20% дейін).

Қаржыландыру көздері және көлемі

2011-2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады.

Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19 494 946 мың теңгені құрайды.

2011-2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

 КІРІСПЕ

 Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына, 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2010 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасы тіл саясаты тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына, Ел бірлігі доктринасына сәйкес әзірленді.

Іске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделіп, тіл мәселелерімен айналысатын сарапшылар қауымының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген.

Бағдарламаны әзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің мемлекеттік тіл саясаты мәселелерін құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенді.

Осы құжат қоғам өмірінің барлық саласында тілдерді дамыту мен қолданудың және мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасауда туындайтын өзекті проблемаларды шешудің нормативтік-ұйымдастырушылық негізі болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын.

Ел бірлігі доктринасында мемлекеттік тіл ұлттық және рухани бірліктің басты факторы, шешуші басымдығы ретінде айқындалған. Мұнда: «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгеру әрбір азаматтың міндеті мен парызы болып табылумен қатар, жеке бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге атсалысудағы белсенділігін айқындайтын қызметтік ұмтылысына және ынталануына айналуы қажет» делінген.

Мемлекеттік бағдарламада белгіленген мақсаттар мен міндеттер уәкілетті мемлекеттік орган Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне арнап әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге  асырылады.

Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандыруға бағытталған.

Бағдарламаны іске асырудың табыстылығы жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігі қамтамасыз етілген жағдайда қажетті нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру арқылы негізгі бағдарламалық іс-шараларды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына кіріктіру жолымен қамтамасыз етілетін болады.

жалғасы 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT