Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Ноябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













 

ӘМІРХАНОВ

Әділжан Нағымұлы

 

Әкімшілік бөлімнің

 басшысы

 

Әмірханов Әділжан Нағымұлы 1971 жылдың 14 қарашасында Көкшетау облысы Қызылту ауданы Амангелді кеңшарында туған. Орта білімді Қызылту ауданы Амангелді кеңшарындағы Ленин орта мектебінен алды. 1994 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының филология факультетін және 2006 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару факультетін аяқтаған. 1994-1997 жылдары Көкшетау облысы  Қызылту ауданы Амангелді ауылындағы Ленин орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 1997-2000 жылдары Көкшетау университетінде, Көкшетау  эксперименталды оқу кешенінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 2000-2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық білім бөлімінде әдіскер, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық селосының Бестерек орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарды. 2008-2009 жылдары Ақмола облысы мемлекеттік тілді оқыту орталығының оқытушысы қызметін атқарды. 2009 жылдың наурыз айынан бастап Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

 

 

БЕКЕНОВ 

Алпыс Нұртайұлы

 

Тілдерді дамыту, талдау және

үйлестіру жұмысы

бөлімінің басшысы

 

Бекенов Алпыс Нұртайұлы 1962 жылы 30 сәуірде бұрынғы Көкшетау облысы Щучье ауданы Фрунзе атындағы кеңшарда үлкен отбасында дүниеге келді. Жанұясында бес ұл және бес қыз бар. 1969 жылы Фрунзе атындағы орта мектептің 1сыныбына барып, осы мектепті 1979 жылы «өте жақсы» деген бағамен аяқтап шықты. Бірінші жылы жоғары оқу орнына түсе алмай, автокөлік жүргізушілерінің үш айлық курсын (ДОСААФ) аяқтап, кеңшарда әртүрлі жұмыстарда істеді. 1980 жылы Алматы педагогикалық шетел тілдер институтына түсіп, неміс-ағылшын факультетін ойдағыдай аяқтап шықты. 1985 жылдың 15 тамызынан Щучье ауданы Жаңа жол негізгі мектебінде неміс тілі және тарих пәндерінің мұғалімі қызметін атқарды. 1988 жылдан 1992 жылға дейін Щучье ауданындағы Жасыл орта мектебінде неміс тілі және тарих пәндерінің мұғалімі, ал 1992 жылдан 2005 жылға дейін аталмыш мектептің директоры қызметін атқарды. 2005 жылдың қараша айынан бастап Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасында жұмыс істейді.

Талпақова

Айгүл Дүзелбайқызы


Ономастикалық жұмыс және көрнекі

ақпаратты бақылау бөлімінің басшысы

 


1974 жылы 13 мамырда Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Қоғалыкөл ауылында туған. Орта білімді аталмыш ауылдағы № 44 орта мектепте алған.
1998 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, 2013 жылы аталмыш университеттің құқықтану бакалавры академиялық дәрежесін алған.
1996-2002 жылдары Көкшетау қаласындығы Мәлік Ғабдуллин музейінде саяхатшы, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2002-2004 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақмола облысы бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бас маман, 2004 жылдың маусымынан Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің басшысы.
Ақмола облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT