Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Ноябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













 ҚАЗІРГІ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ

 Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр.

1997-2000 жылдары - 1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының қабылдануына және Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бекітілуіне орай қоғам өмірінің негізгі салаларында тіл құрылысының құқықтық негізі қалыптаса бастады.

2001-2010 жылдары - Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тіл құрылысы стратегиясының мынадай үш бағыты айқындалды: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту. Сондай-ақ осы кезеңде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлылығы» Ұлттық мәдени жобасын іске асыру жұмысы басталды.

Бағдарламаны іске асыру нәтижелері Қазақстан Республикасындағы тіл құрылысының келешекке негізделген іргетасын қалайды:

-       мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы елеулі түрде кеңіді (қазақ тілінде оқытатын балабақшалар - 940, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 68%-ға артық, мектептер - 3811, 2001 жылмен салыстырғанда 163-ке өсті, мемлекеттік тілді оқытып-үйрететін                       101 орталық құрылды);

-       іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсенді түрде іске асуда (мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы  шамамен  67%-ды құрайды);

-       мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасы әзірлену үстінде (көп деңгейлі оқу-әдістемелік кешендер, жалпы таралымы 720 мың дана            10 түрлі сөздік, жалпы таралымы 260 мың дана екі және үш тілді 8 салалық сөздік жарық көрді);

-       мемлекеттік тілді меңгеру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында интернат-портал құрылып, тұрақты түрде жаңартылып келеді (сервистің 20-дан астам түрі, әлемнің 50 елін қамтитын белсенді тұтынушылар аудиторияға ие);

-       мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығаюда            (мемлекеттік БАҚ-тың контентінде қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі 70%-дан астам, 2750 баспа БАҚ-тың 68%-ы толық немесе ішінара қазақ тілінде шығады);

-       шетелде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде;

-       Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды (жалпы білім беретін 7576 мектептің 1598-і орыс тілінде, 62-сі өзбек тілінде, 14-і ұйғыр тілінде, 2-уі тәжік тілінде оқытады, 2089-ы - аралас тілдегі мектептер; 2003 мектепке дейінгі білім беру мекемесінің 260-ы орыс тілінде, 2-уі өзбек тілінде оқытады, 801 балалар оқу орындары - аралас тілде; этномәдени бірлестіктердің 190 жексенбілік мектебінде 30 этникалық топ ана тілін үйренуде, қазақстандық 50 театрдың 9-ы аралас тілде, 15-і орыс тілінде, 1-еуі - кәріс, 1-еуі - неміс, 1-еуі - өзбек және 1-еуі - ұйғыр тілінде қойылымдар көрсетеді).

Алдағы онжылдық мерзім, яғни 2011-2020 жылдардағы кезеңде тіл саясатын жүргізуде еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір нұқсан келтіруі мүмкін бірқатар проблемалық аспектілердің бар екендігімен негізделіп отыр.

Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі. Бұл аспект мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдіснамасы мен стандарттарының жоқтығымен, қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының даярлық деңгейінің төмендігімен, қазақ тілін оқыту инфрақұрылымы қызметінің бірыңғай стандарттарының болмауымен, мемлекеттік тілді меңгеруді ынталандыру және меңгеру процесіне мониторинг жасау жүйесінің жоқтығымен тікелей байланысты.

Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі. Бұл бағыттағы проблемалық мәселелер, ең алдымен, халықаралық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында мемлекеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, қазақ тілін заңның, ғылымның және жаңа технологияның тілі ретінде дамытуға байланысты туындап отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін  арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде танытып, орнықтыру сияқты маңызды мәселелер тізбесі, сондай-ақ тіл саласындағы кейбір келеңсіз дақпырттардың, қисынсыз пікірлердің орын алуы да негізгі қиындықтардың қатарынан орын алып отыр.

Қазақстан қоғамындағы тіл мәдениетінің төмендеуі. Аталған аспектіде лингвистикалық кеңістіктің одан әрі дамуына терминология, антропонимика және ономастикадағы мәселелермен қатар, сөйлеу мәдениеті мен жазу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ толерантты тілдік орта құру қажеттігінде айтарлықтай қиындықтар туындап отыр.

 Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттігі. 

Бұл аспектіде қазақстандықтардың бәсекелестік басымдығы ретінде орыс тілінің меңгеру деңгейін сақтауға, Қазақстан мәдениетінің тілдік әралуандығын қалыптастыратын этностардың тілдерін дамыту үшін жағдай жасауға және халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге  байланысты проблемалар топтамасы бар.

Осы проблемаларды шешуге қатысты басым қажеттілік пен нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бағдарламаның мынадай мақсаттары мен міндеттеріне негіз болды.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ 

Бағдарламаның басты мақсаты -

Қазақстанда тұратын барлық этностар тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

 Бағдарламалық мақсаттар:

1. Мемлекеттік тіл -  ұлт бірлігінің басты факторы

2. Мемлекеттік тілді қолданудың танымалдылығын арттыру

3. Дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті

4. Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту

 Мақсатты индикаторлар:

 - Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (Қазтест тапсырудың нәтижесі бойынша 2014 жылы - 71%, 2017 жылы - 80%, 2020 жылы - 95 %)

- Мемлекеттік тілді В-2 деңгейде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2017 жылы - 70%, 2020 жылы - 100%)

- Бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілді контенттің үлесі (жыл сайын - 50% кем емес)

- Мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарналар саны (2010 жылы - 3, 2017 жылы - 4, 2020 жылы - 5);

- Ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылауда қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы бойынша тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі (2014 жылы - 60%, 2017 жылы - 75%, 2020 жылы - 90%);

- Қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылы - 20%, 2017 жылы - 60%, 2020 жылы - 100%);

- Республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2020 жылы - 90%);

- Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанында ана тілдерін оқу курстарымен қамтылған этностардың үлесі (2014 жылы - 60%, 2017 жылы - 80%, 2020 жылы - 90%);

- Республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылы - 10%, 2017 жылы - 15%, 2020 жылы - 20%);

- Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі (2020 жылы - 20% дейін).

 Міндеттер:

1.1. Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау

1.2. Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;

1.3. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;

2.1. Мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру;

2.2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;

3.1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру мен жүйелеу;

3.2. Тіл мәдениетін жетілдіру;

4.1. Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қолданысын сақтау;

4.2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;

4.3. Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.

 Нәтиже көрсеткіштері:

- Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқитын қазақ тілі оқытушыларының саны (жыл сайын 500 адамнан кем емес)

-  Он-лайн режимінде қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыра отырып, Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар үлесі (2014 жылы - 20%, 2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 100%)

- Аккредитациялаудан өткен Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының үлесі (2014 жылы - 30%, 2017 жылы - 70%, 2020 жылы - 100%)

- Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында оқитындар санының өсімі (2009 жылмен салыстырғанда 2017 жылғы өсім 40% кем емес, 2020 жылы - 100%)

- Қазтест жүйесі бойынша мемлекеттік тілді білу сертификатын алған мемлекеттік қызметшілердің үлесі (2020 жылы - 100%)

- Мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарындағы Қазтест жүйесі бойынша мемлекеттік тілді білу сертификатын алған қызметкерлердің үлесі (2020 жылы - 100%)

- Мемлекеттік тілдің танымалдылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі (2020 жылы - 100%)

- Мемлекеттік БАҚ эфиріндегі мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жобалар санының өсімі (жыл сайын 10%)

- Мемлекеттік тілде шығатын баспа БАҚ-ты қолдауға бағытталған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі (жыл сайын 50% кем емес)

- Көрнекі ақпараттардың орындауын бақылау бойынша аймақтарды қамту деңгейі (2017 жылы - 50%,  2020 жылы - 100%)

- Тұрғындардың терминологиялық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылауда қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы бойынша қанағаттанушылық деңгейі (2014 жылы - 60%, 2017 жылы - 75%, 2020 жылы - 100%);

- Ана тілдерін үйренуде әдістемелік көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бірлестіктері бар этностардың үлесі (2014 жылы - 20%, 2017 жылы - 60%, 2020 жылы - 100%)

- Орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тілдерін үйрету бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік Тілдерді оқыту орталықтарының үлесі (2014 жылы - 50%, 2017 жылы - 75%, 2020 жылы - 100%)

 БАҒДАРЛАМАДА АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ЖОЛДАРЫ МЕН ТИІСТІ ШАРАЛАРЫ

БІРІНШІ БАҒЫТ

Мемлекеттік тілді меңгеру

 Мақсат: «Мемлекеттік тіл -  ұлт бірлігінің басты факторы»

Мақсатты индикаторлар:

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

(2014 жылы - 71 %, 2017 жылы - 80%, 2020 жылы - 95%)

Мемлекеттік тілді В-2 деңгейде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі       (2017 жылы - 70 %, 2020 жылы - 100%)

 Бағдарламаның  бірінші бағытын  іске асыру Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды көздейді. Осы жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар - мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру. Аталған тәсіл бірінші бағыттың үш міндетін анықтайды.

 1.1.  Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау

               Қазақ тілін оқыту әдіснамасын жетілдіру үшін, ең алдымен, үздіксіз білім беру моделі арқылы мемлекеттік тілді оқыту стандартын әзірлеу қарастырылып отыр.

           Көпдеңгейлі стандартта тілді А1-А2 деңгейлерінде қарапайым пайдалану, тілді В1-В2 деңгейлерінде өз бетінше пайдалану және тілді С1-С2 деңгейлерінде құзыретті пайдалануды қарастыруы тиіс.

         Құрылатын стандартты жүйенің негізінде мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасының негізін,  соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де әзірлеу көзделеді.

           Осы шараның нәтижесінде мемлекеттік тілдің А-1 және А-2 деңгейіне мектепке дейінгі мекемелер мен мектептің төменгі сыныптарындағы балалар қол жеткізсе, мемлекеттік тілді меңгерудің В-1, В-2 деңгейіне мектептің орта және жоғарғы буындарында, сондай-ақ орта арнаулы білім алу кезінде оқитындар, ал С-1,С-2 деңгейіне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кезеңде білім алатындар қол жеткізетін болады.

Бұған қоса, тілді меңгеру бейнелерді жетілдіру мен жаңғыртудың түрлері қарастырылады. Қазақ тілі толыққанды күнделікті қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас тілі болуы тиіс.

         Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытудың стандарты негізінде оқытудың жаңа әдістемелерін әзірлеуде шығармашылық педогогикалық ізденістің тұрақты процесі бұлтартпас қажеттілікке айналатын болады.

         Қазақ тілі оқытушыларын даярлаумен қатар, тиімді педагогикалық тәжірибелерімен алмасу жүйесін құру қажетті құрамдас бөлшектердің біріне жатады. Ұйымдастырушылық және әдістемелік мүмкіндігі бар ғылым-білім беру орталықтар санының аздығына байланысты  қашықтықтан оқыту жүйесін кең көлемде енгізу көзделеді.

 1.2.         Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту

Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесінің ең қажетті екінші құрамдас бөлігі Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының аккредитациялау желісін құру болып табылады. Дәл осы Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқу орындарын бітірген Қазақстанның ересек азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі жөніндегі инфрақұрылымдық базасы болуы тиіс.

Аталған бағытты жүзеге асыру Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының білім беру қызметіне міндетті талаптарды енгізуді көздейді.

Бұл үшін, ең алдымен, Орталықтардың білім беру қызметіне аталған талаптарды енгізу үшін құқықтық базаны жетілдіруге қатысты шараларды қабылдаумен қатар, осы талаптарға сәйкес Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредитациялауды жүзеге асырудың құқықтық негізін қалыптастыру қажет.

Сонымен қатар, Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары қызметін рейтингтік бағалау жүйесін енгізу қарастырылады.

Орталықтардың рейтингін жасауға Орталық тыңдаушыларының Қазтестке тапсырған емтихандарының нәтижесі туралы деректер негіз болып табылады. Рейтинг деректері қоғам үшін ашық әрі бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланатын болады.

Рейтинг жүйесін енгізу үшін Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары қызметіне рейтингтік бағалау әдістемесі мен құқықтық негізін әзірлеу қажет.

 1.3. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру

 Қойылған мақсатты жүзеге асырудың үшінші міндетті құрамдас бөлшегі мемлекеттік тілді оқыту процесінің мониторингін жүргізу және ынталандыру жүйесін құру болып табылады.

Аталған міндет мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызмет және халыққа қызмет көрсетуді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің (банктер, сауда ұйымдары, қызмет көрсету салалары және т.б. салалар) қазақ тілін білу деңгейлеріне қойылатын төменгі деңгейдегі талаптарды анықтау арқылы жүзеге асырылады. Аталған шара мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптарды бекітетін құқықтық базаны әзірлеуді қажет етеді.

Бұнымен қоса, Қазтест негізінде тіл білу деңгейі жүйесін жыл сайын бақылауды  енгізу көзделеді.

Білім беру жүйесінің барлық сатыларында мемлекеттік тілді білу деңгейін бақылау мен бағалау жүйесін жетілдіру мәселесі пысықталатын болады.

Қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытушы барлық тұлғаларға кең түрде мемлекеттік қолдау көрсету қарастырылған. Осы шаралардың қатарына - Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша курстарды ұйымдастыру, сонымен қатар осы жұмысқа    мемлекеттік-жекеменшік серіктестік әдісін қолдану көзделеді.

Оқыту әдістемесі мен инновациялық тәсілдерді әзірлеу арқылы қазақ тілін қашықтықтан оқытуды кеңінен енгізу көзделеді.   

Шетелдегі қазақ диаспораларының өкілдеріне өз ана тілдерін меңгеруге саяси-дипломатиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, отандастар мәселелері бойынша талдамалық және зерттеу жұмыстарының жүйесі ұйымдастырылатын болады.

 Нәтиже көрсеткіштері:

- Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқитын қазақ тілі оқытушыларының саны (жыл сайын 500 адамнан кем емес)

- Он-лайн режимінде қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыра отырып, қазақ тілі оқытушыларының біліктіліктерін арттыруға бағытталған іс-шаралар үлесі (2014 жылы - 20%, 2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 100%)

- Аккредитациялаудан өткен Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының үлесі (2014 жылы - 30%, 2017 жылы - 70%, 2020 жылы - 100%)

- Мемлекеттік қолдауға ие Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында мемлекеттік қатысу тұрғысынан оқитындар санының өсімі (2009 жылмен салыстырғанда 2017 жылғы өсім 40% кем емес, 2020 жылы - 100%)

жалғасы

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT