Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Ноябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының

«Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ақмола облысы әкімдігінің 17.04.2003 жылғы №4/130 қаулысымен МКҚК (мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын) болып құрылды. 12.08.2005 жылғы №А-8/264 қаулысымен мемлекеттік мекемеге ауыстырылды. Ақмола  облысы  әкімдігінің 14.11.2012 жылғы №а-12/538 қаулысымен  «Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының «Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы»  коммуналдық-мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертілді.

Мекенжайы: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «Б» мекенжайы бойынша орналасқан.

Материалдық қамтамасыз етілуі: директор бөлмесі, бухгалтерия, қабылдау бөлмесі, 2 әдістемелік бөлме, 1 мультимедиалық, қазақ тілі кабинеті, оқытушылар бөлмесі.

                   

(Әдістемелік қоры)

2013-2014 оқу жылында Ақмола  облыстық оқыту-әдістемелік орталығында «Қазтест» жүйесі бойынша әзірленген  үш деңгейлік оқыту бағдарламасына сәйкес 112 оқу тобында жалпы саны 1143 тыңдаушы оқып жатыр. Оның ішінде, мемлекеттік тілді оқыту топтарының саны - 106, ал ағылшын тілін үйрету  топтарының саны 6 топты қамтиды. Орталықта директор, директордың орынбасары, бухгалтер, бағдарламашы, 2 әдіскер және 18 оқытушы қызмет атқарады. Орталық оқытушылары республикада өтетін әртүрлі семинарларға қатысады. Сондай-ақ, қазіргі таңда Ақмола облысында 16 аудандық, 2 қалалық  орталық жұмыс істеп жатыр. Кадрлық құрамы бойынша  аудан орталықтарында штат кестесіне сәйкес 18 директор, 12 әдіскер, 40 оқытушы қызмет атқарып жатыр. Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы қалалық, аудандық  Орталық  оқытушыларына арнап бір апталық біліктілікті жетілдіру курсын ұйымдастырып отырады. Жыл сайын «Мемлекеттік  тілді оқыту үдерісіндегі жаңа педогогикалық  технологиялардың орны мен маңызы», «Ересектерді оқыту барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану тәсілдері», семинарлары мен Тамыз кеңесі өткізіледі.

                                             

Орталық оқытушылары республикалық семинарларға қатысып, білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін шыңдап тұрады. Мәселен, 2012 жылы Астана қаласында өткен республикалық «Мемлекеттік қызметшілерге тіл үйретудегі тест жұмыстарының маңызы», ҚАЗТЕСТ жүйесіне байланысты «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде меңгеру деңгейін бағалау ерекшеліктері және соның негізінде қазақ  тілін  оқытудағы жүйелік мәселелер», «Қазақ  тілін  үйретудегі жаңа технология мен инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану» семинарларына қатысты.

Ақмола  облыстық оқыту-әдістемелік орталығында және аудандық, қалалық тіл үйрету орталықтарында мемлекеттік тілді оқыту орталығы жанындағы деңгейлі білім бойынша тегін курстар ұйымдастырылып, 2012 жылдың ақпан айынан бастап оқытыла бастады. Курс тыңдаушыларына қарапайым деңгейдің 120 сағаттық оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілі сабақтары жүргізілуде. Бұл курста оқитын тыңдаушылардың құрамында жеке меншік серіктестіктер, қоғамдық ұйымдар, банк қызметкерлері және өз еркімен тіл үйренем деуші  қала тұрғындары қамтылған. Қазіргі уақытта 9 орталықта (облыстық орталық, Көкшетау, Целиноград, Есіл, Шортанды, Сандықтау, Бурабай, Егіндікөл, Жарқайың) осындай курстар жұмыс істейді.

2010 жылдан бастап Ресей және Қазақстан елдері арасындағы ынтымақтастық меморандумы негізінде байланыс орнатылған. Ресейдің Омбы қаласындағы «Джей энд Эс» лингвистикалық орталықтардың жүйесі,  «Болашақ» қазақ тілі орталығына  мемлекеттік тілді оқытуға қажетті жаңа технологияларға негізделіп құрастырылған бағдарламалар мен оқу құралдарымен, сөздіктермен, аудио-бейнежазбалармен  әдістемелік көмек  көрсетіледі.

Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының  мемлекеттік қызметшілерге арналған үш деңгейлік оқыту бағдарламасы негізінде «Бастауыш деңгейін»  аяқтаған соң, арнайы сертификаттар табысталады. 2010-2012 жылдар аралығында  10 тыңдаушы емтихан тапсырып, сертификат алды.

«Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасы аясында Орталықтарда мемлекеттік тілді оқытумен қатар ағылшын тілін де үйрету ісі де қолға алынды. Бұл курста мемлекеттік қызметшілермен қатар азаматтық қызметшілер оқып жатыр. Қазіргі таңда 19 орталықтың 7-еуінде ағылшын тілі курстары жұмыс істейді. Топтардың жалпы саны - 23, облыстық орталықта - 6, Көкшетауда - 5, Зеренді - 5, Егіндікөл - 1, Сандықтау - 2, Бурабай - 2, Еңбекшілдер - 2. 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT